Бүгін елімізде алғашқы тарихи күн!
25 шілде Елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді.
Қазіргі таңда ауыл әкімі лауазымына аудан бойынша 6 үміткер болып отыр. Жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды реформалау бірқатар стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталады:
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауды ашық мемлекеттік басқару қағидаты ретінде енгізу және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру;
2. Азаматтардың ауылдық аумақтарды дамытуға және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейту;
3. Атқарушы және заңнамалық өкілеттіктерді төменгі деңгейге кезең-кезеңімен беру;
4. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау кезінде партиялардың өкілеттіктерін кеңейту арқылы саяси бәсекелестікті дамыту.
Сондықтан, бәріңізді 2021 жылдың 25 шілдесінде өз учаскелеріңізде өтетін сайлауға белсене атсалысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын!













