Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы Жарлығына сəйкес шілденің біріншісі жексенбісі қазақ халқының киелі де қасиетті музыкалық аспабы Ұлттық Домбыра күні болып жарияланды. Елбасының бұл Жарлығы-халқымыздың ұлттық өнерін қадірлеу мақсатында жасалған игілікті іс.
Домбыра-қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті,көп пернелі музыкалық аспабы. Ол-қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын,өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр,толғау,термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма-күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке əнді сүйемелдеуге,күй тартуға,халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта - ықыласын арттыру мақсатында онлайн форматта ұйымдастырылған мектебіміздің өнерлі шәкірттерінің мерекелік тартуын ұсынамыз.