№21 жалпы орта білім беретін мектептің “Балдәурен” лагері киелі мекен Кең Жылыой өңірін тереңінен тану үшін аудандық мұражай мен кітапханаға бір күнін арнады. Мұражай мен кітапхана қызметкерлері құшақ жая қарсы алып, көптеген ақпараттармен бөлісті. Музей бағдарламасы бойынша демалушылар “Алдар көсе мен бай” ертегісін тамашалап керемет әсер алды.












