
«Мектепке жол» республикалық акциясы
Қазақстан Республикасында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 12 жыл бойы өткізіліп келеді. Акция барысында әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармайтын балаларды анықтауға ,сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтағы балаларды мектепке дайындау бойынша ерекше назар аударылуда. Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтті. «Мектепке жол» акциясы бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. Осы жоспарға сәйкес Құлсары қаласында 6 мекемеге өтініш жасалды.
Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру - әр адамның борышы.
Біздің міндетіміз – осындай бүкіл ел қолдап жатқан шараға бей- жай қарай алмайтын жүрегі жұмсақ, жаны жомарт жандармен бірлесіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына аз да болса көмек қолын созу. Акцияға ең алғаш көмек қолын созған «КазТрансОйл» акционерлік қоғамы Құлсары МҚБ бастығы Б.Қ.Қонарбай мырза 7 оқушыға, құны 50 000 теңгелік мектеп құралдарымен көмек көрсетті.
Акция кезінде аз қамтылған әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың ата – аналары өз ризашылықтарын білдірді. Акцияның жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балалаларға көмек және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады.
№21 мектептің әлеуметтік педагогы Тулепова Айгерим Жубаткановна
7 қыркүйек 2020 жыл














