Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт — дәстүрі, әдет — ғұрпы, жөн — жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы өтті. Бұл байқауға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Сайыс 5 турдан тұрды.
1.«Өзге емес өзім айтам өз жайымда...» Таныстыру-2 мин
- «Жігітке жеті өнерде аз...»таңқалдырар өнер
- «Мен қазақ деген мал баққан елмін...» (малды жіліктеу, аттарын атау, әр жіліктің кімге беру керек екенін айту)
- «Атадан қалған асыл жол..» (қамшы өру)
- «Жеті қазынаның бір-берен мылтық» автоматты бөлшектеу,жинау.қ» Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.






«Жігіт сұлтаны-2018» атағын 10 «а» сынып оқушысы Құттығұл Қайыржан иемденді. Осы байқауға қатысқан оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.
Мектеп директоры: Умирзакова К.С












