2017 жылдың 10 қараша күні   мектеп тәлімгері С.Ғ. Оразбаева  «Мен және менің полицейім» акциясы аясында «Полиция-дос және қорғаушы»  атты тақырыпта  8 «а» және 8 «б» сыныптар арасында  тәрбиелік шара өткізді. Мақсаты-жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыру, сондай-ақ оларды қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетіне баулу, жол ережелерін үйренуге  шақыру болып табылады және балаларды, сол балалар арқылы олардың ата-аналарын полиция жұмысымен таныстыру, сонымен қатар  қоғамдық орындар мен жолда өзін-өзі ұстау ережелеріне үйрету.  Шараға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Б. Иманалина және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы  А.А.Байниязова, сонымен қатар мектеп инспекторы М.А.Көшербай, мектептің іс жүргізушісі Ж.Курманалиева қатысты. 

Шарада «Полицеймен кездесу» атты көрініс көрсетілді және оқушылар әр мемлекеттің полицей қызметкерлерінің әр түрлі болатындығы туралы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар  инспекторға  қызықты  сұрақтар  қойып,  өздеріне қажетті мәліметтер ала алды.