Отбасы – адам өміріндегі ең үлкен байлық, мейірім мен сүйіспеншіліктің, сыйластық пен қамқорлықтың алтын бесігі. Бірлігі жарасқан шаңырақ – берекелі қоғамның негізі, елдің жарқын болашағының кепілі. №21 жалпы орта білім беретін мектепте «Тату отбасы – бақытты ел» атты апталығының ашылуы өтті. Бұл апталықтың мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін жалғастыру, татулық пен өзара сыйластықты насихаттау.












