Бүгін 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай мектебіміздің акт залында қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны А.Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай “Абай-дара,Абай-дана қазақта” тақырыбында әдеби-сазды кеш болып өтті.Шараға 5-11 сынып оқушылары қатысып,ақын өлеңдерін мәнерлеп оқумен қатар,әндерін шырқады.Ұлы ақынның философиялық мәні зор қарасөздерін жатқа оқыды.Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып,ақын өсиеті-қарасөздері ақынның өз аузымен жас ұрпаққа ЖИ түрінде көрсетілді. Ақын қарасөздерінің біріне шағын қойылым қойылды.Шара соңы ақынның “Көзімнің қарасы” әнімен жабылды Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі жетекшісі Құрманова Айна












