Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.
Осыған орай орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы негізінде 2019-2020 оқу жылындағы №21 жалпы білім беретін орта мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылайтын комиссия құрамы бекітілді. Комиссия құрамы айына бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын тексеріп, мониторинг жүргізіп келеді. Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бракераждық және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы:
- К.С.Умирзакова – комиссия төрайымы,
- А.Ж.Тулепова – әлеуметтік педагог,
3.С.Ғ.Оразбаева – мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары,
4.А.Досболаева – мектеп медбикесі,
5.Ж.Умирзакова – мектеп психологы,
6.А.Джусакбаева – қамқоршылық кеңес төрайымы.
1-4 сыныптардың барлығы жаппай ыстық тамақпен қамтылды. Олардың ішінде 21-і әлеуметтік осал топтан, 5-9 сынып бойынша 22-сі аз қамтылған отбасы балалары.Сондай –ақ әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы төмен , мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын 10 оқушы да ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, қажетті құрылғылармен жабдықталған. Сондай – ақ, мектеп асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелері құрылды. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайды. Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы , тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады. Асханадағы дайындалатын күнделікті тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай кунделікті даярланады. Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын, шикі тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделікті қадағалап отырады.
Дайындалатын тағамдар меню рецептураларына сәйкес жасалып отырады. Асханада тағамдардың дайындалу тәсілі, тамақтың сапасы, құнарлығын комиссия мүшелері күнделікті қадағалап тексереді. Сондай –ақ ыстық тамақтың талапқа сай дайындалуын қадағалап отырады. Қолданыста жүрген ыдыстар 0,015% хлор ерітіндісімен залалсыздандырылады. Асханада қол жуатын қолжуғыш , сабын,қол кептіргіш үнемі қолданыста тұрады. Асхананың іші таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Технологиялық және тазалықты сақтау құралдарымен жабдықталған.
|
р/с |
Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптардың |
Тексеру нәтижесі |
|
1 |
Персоналдың еңбек жағдайын және жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалған. |
Талапқа сай |
|
2 |
Ас блогының жұмыскерлері, техникалық персонал арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етілген. |
Талапқа сай |
|
3 |
Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығу және дәретханаға бару алдында арнайы киімін шешеді, жұмыс басталу алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және лас заттармен жанасқанда қолдарын сабынмен жуады. |
Талапқа сай |
|
4 |
Білім беру объектілерінің асхана жұмыскерлері жұмыс басталу алдында шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жиналған, зергерлік бұйымдарды, сағаттарды және басқа да сынатын заттарды пайдаланбайды, тырнақтарын қысқа етіп қияылған және лакпен боялмаған. |
Талапқа сай |
|
5 |
Асхана қызметкерлерінің өндірістік үй-жайларға арнайы киімсіз кіруіне және оның үстінен өзге киімді киюіне жол берілмеуі ескерілген. Арнайы киім жеке заттарынан бөлек сақталған. |
Талапқа сай |
|
6 |
Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларда ұсақ шыны және металл заттарды әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттың қалталарында жеке заттарды сақтауға жол берілмеген. |
Талапқа сай |
|
7 |
Қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раквиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар орнатылған. |
Талапқа сай |
|
8 |
Тамақ ішу қатаң түрде бөлінген жерлерде рұқсат етілген. |
Талапқа сай |
|
9 |
Мектеп асханасында мұғалімдерден кестеге сай кезекшілер белгіленген. |
Талапқа сай |
|
р/с |
Тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар |
Тексеру нәтижесі |
|
1 |
Объектілердің ас блогтарына Санитариялық қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын нормалау құжаттарының талаптары қолданылған. |
Талапқа сай |
|
2 |
Объектіде перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалып, бекітілген. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылардың жас санаты ескерілген, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделген; |
Талапқа сай |
|
3 |
Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмеуі ескерілген; |
Талапқа сай |
|
4 |
Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант енгізілген. |
Талапқа сай |
|
5 |
Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келуі тиіс. |
Талапқа сай |
|
6 |
Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау Санитариялық қағидалардың 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес деректер тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізіле отырып, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүзеге асырылуын мектеп медбикесі А.Досболаева қадағалайды. Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталған. |
Талапқа сай |
|
7 |
Оқушылар ас блогының өндірістік үй-жайларында болуына және оларды тағам дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді. |
Талапқа сай |
|
8 |
Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді. |
Талапқа сай |
|
9 |
Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді. |
Талапқа сай |
|
10 |
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылған. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған, олардың құжаттары сақталған. |
Талапқа сай |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығының 7-тарауының 119-тармағында көрсетілген Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында тиым салынған тағам түрлерін қолданбау ескерілген. |
Талапқа сай |
|
12 |
Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді |
Талапқа сай |
|
13 |
Күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынаманы келесі күні немесе демалыстан кейінгі күні (демалыс күндерінің санына қарамастан) дайындалған тағаммен ауыстырғанға дейін кемінде жиырма төрт сағат сақтайды |
Талапқа сай |
Орындаған: әлеуметтік педагог Айгерим Тулепова












