Құрметті ата-аналар!
Оқу жылының аяқталуына орай, 25 мамыр күні өтетін “Соңғы қоңырау” салтанатты шарасы – балаларымыз үшін есте қаларлық мереке. Осыған байланысты, мектеп тарапынан төмендегі жағдайларға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН ескертеміз:
 • Мұғалімдерге сыйлықтар мен ақшалай жинақтар ұйымдастыру;
 • Салтанаттан кейінгі дастархан жаю немесе басқа да материалдық шығындарға ата-аналарды мәжбүрлеу.
Заңнама талаптарына сәйкес, білім беру ұйымдарында ақша жинау және материалдық сыйлық ұсыну сыбайлас жемқорлықтың белгісі болып саналады.
Егер мұндай жағдайға куә болсаңыз, келесі байланыс арналары арқылы хабарласыңыз:
 • 1424 – Call-орталық
 • Telegram: @antikorkz_bot
Балаларымыздың мерекесі — адалдықпен, шынайы қуанышпен өтсін!