БІЛІМІМ – ОТАНЫМА!
2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына арналған
«Білімім – Отаныма!» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Бұл шараның мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, білімнің қоғам мен ел дамуы үшін маңызды екенін ұғындыру болды.
Сынып сағаттарында оқушылар өз білімін туған еліне арнау, ел болашағына үлес қосу туралы ойларымен бөлісті.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтауы көрсетіліп, «Таза Қазақстан» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберіндегі эссе байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
«Білім – елдің болашағы» екенін ұғынған оқушыларымыз жаңа оқу жылына тың серпінмен қадам басуға ниетті!
Сыныбы: 4 “Б”
Сынып жетекшісі: Сәрсенғалиқызы Жансая