Қымбатты әріптестер! Ұстаздар!
Бүгінгі 25 қазан - Республика күні мерекесі баршамызға құтты болсын!
Тәуелсіздік пен бірліктің,ұйыған ынтымақтың, ұлттық рухтың бет - бейнесі болып саналатын бұл ұлық мереке Отанымыздың гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп жатырған ұстаздар қауымына құтты мереке болсын! Тәуелсіздікті баға жетпес құндылығымыз деп санасақ,ол тәуелсіздіктің іргесінің мықты,берік болмағы болашағымыз - жастарға,мектеп қабырғасынан білім мен тәрбие алып,қанаттанып ұшып жатырған келешек ұрпаққа байланысты.Біз білімді,тәрбиелі ұрпақ тәрбиелейміз деп бір бүтін ұлтты тәрбиелеп отырмыз. Ұрпақ бойына Отаншылдық, ұлттық рухтың дәнегін себетін де - біз. Еліміз тыныш,жұртымыз аман,іргеміз мықты болсын.Іргеміз мықты болса, түніміз де тыныш, жүрегіміз де - тыныштық. Тәуелсіздігіміз құтты болсын, ұстаз деген қадірлі мамандық иелері!
Ізгі ниет,шын жүректен:
21 мектеп басшысы Р.Б.Иманалина












