”ЖАС ҰЛАН” БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДА
2024 жылдың қазан айының 23 күні “№21 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ - де Республикалық “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
Ұйымның мақсаты: оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Жас ұрпақтың патриоттық, азаматтық сана - сезімдерін, өз халқының тарихына, мәдени өміріне сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өз Отанына деген құрмет - сезімін ояту болып табылады.
Мектептегі “Жас Ұлан” ұйымының қатарына 39 Жас Қыран, 22 Жас Ұлан қабылданды.
«Жас Ұлан» ұйымы балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға баулитын ұйым.












