Бұдан басқа, 2024 жылы машина жасау саласында «Беларус» тракторларының кабиналарын («МТЗ Қазақстан» ЖШС) және көлік құралдарының кузовтарын (жедел жәрдем, автозактар, жедел әрекет ету қызметтеріне арналған көліктер – «TEHNOPARK KZ» ЖШС) өндіру басталды. Жыл қорытындысы бойынша 250 кабина және 600 бірлік кузов шығарылды. Сондай-ақ өткен жылдан бастап теміржол жылжымалы құрамына арналған серіппелердің сериялық өндірісі жолға қойылды.
Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, жаңа тауар ассортименті пайда болуына байланысты өндірілетін өнімнің номенклатурасы кеңейіп келеді.













