“№21 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ-де 8 наурыз-Халықаралық аналар мерекесіне орай жоспарға сәйкес 5 наурыз күні бастауыш сынып аналары арасында “Ананы аяLike” атты волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа бастауыш сынып бойынша 1-4 сынып аналары қатысты. Бірлестік командалары топ атауларын, ұранын айтып, ойынды бастады. Әр бірлестіктен 6 анадан шығып, көңілді ойын көрсетті. Ойын соңында жеңіске жеткен командаларды дипломдармен марапаттап, мектеп әкімшілігі атынан сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, әр бірлестік сынып жетекшілері ойынға қатысқан аналарына гүл шоқтарын және сыйлықтарын табыстады.












