”Ұстаздар күні” мерекесіне орай мектебімізде 3 қазан күні оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін - өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында “ДУБЛЕР КҮНІ” өткізілді. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып, белсенді ат салысты. Сонымен қатар, жүргізілген шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 10 - 11 сынып оқушылары алмастырды. Дублёр күні оқушылар сабаққа ынта - ықыласпен дайындалып, түрлі әдістер мен тәжірибелер көрсетіп, оқушыларды қызықтыра білді.