Атырау облысы
Жылыой ауданының білім бөлімі
“№21 жалпы орта білім беретін мектеп”КММ
2024 жылы 3 қазан күні “Дублер күні”өтетінін хабарлаймыз.
10-11 сынып оқушыларын белсенді ат салысуға шақырамыз!
Мақсаты: оқушылар мен педагогтердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың әлеуметтік құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдай жасау.
Дублер күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепте өзін-өзі басқару қызметіне тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру;
3) барлық сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5) білім алушылардың бойына жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін қалыптастыру;
6) білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
7) білім беру үдерісінің кері байланысының жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру үдерісінің жай-күйін кешенді бағалау.
#дублеркүні
#деньдублера
#біртұтас_тәрбие_атырау #жылыойауданыбілімбөлімі #жылыойауданытәрбиебөлімі












