“Dastur FEST” жобасы аясында 8 сәуір күні “Жігітке жеті өнерде аз” атты аудандық өнер байқау өткізілді. Байқауға №21 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Достан Дулат қатысып, “Алғыс хатпен” марапатталды.
Мақсаты:
- Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, халықтың бай тарихи мұрасын сақтау, дәстүрлері мен ұлттық өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу;
- Байқауға қатысатын әрбір жігіттің өз өнерін көрсетуі арқылы намыс-жігерін шыңдай отырып ұмыт болып бара жатырған салт-дәстүрлерді насихаттап, қазақ жігітінің сегіз қырлы бір сырлы екенін көрсету арқылы ұлттық өнерді дәріптеу.
















