”Логикалық білімдерін дамыту” N21 жалпы орта білім беретін мектепте 13 қараша күні жоспарға сай 4-сынып оқушыларымен «Миллион кімге бұйырады?» атты жеке сайыс өткізілді. Ойынның мақсаты: Оқушылардың білімді, зерек екенін көрсету. Сайысқа әр сыныптан 1 оқушыдан қатыстырылды. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Әр айналымда әр оқушы шапшаңдық танытып, өз білімдерін көрсете отырып, ұпай жинап отырды. Сайыс нәтижесінде 4 «А» сыныбындағы Асқанбай Марлен 1-орын, 4 «Б» сыныбындағы Асан Ақмаржан, 4 «В» сыныбындағы Балмұрат Әскер 2-орын, 4 «Г”сыныбындағы Нұрболұлы Нұралисұлтан 3 орын, 4 «Ә» сыныбындағы Бауыржан Мейірбек, 4 «Е» сыныбындағы Айжан 3-орын иеленді. Оқушылар белсене қатысып, жеңімпаз оқушылар жүлделі дипломдармен марапатталды. Өткізген: Уразгалиева И.Ж.