”Логикалық білімдерін дамыту” N21 жалпы орта білім беретін мектепте 12 қараша күні жоспарға сай 4-сынып оқушыларымен «Білгір логик» атты топтық сайыс өткізілді. Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін ұштайтын логикалық ойлау тапсырмаларын орындата отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Логикалық тапсырмаларды орындау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Сайысқа әр сыныптан 4 оқушыдан 5 топ қатыстырылды. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. 1-кезең «Таныстыру» әр топ өз топтарының атауы мен ұранын айтады. 2-кезең «Кім жылдам?» сұраққа жылдам жауап беру. 3-кезең «Қызықты қазақ тілі әлемі» қазақ тілі пәні бойынша логикалық тапсырмалар. 4-кезең «Тапқыр математик» математика пәні бойынша логикалық тапсырмаларды орындау. 5-кезең «Жаратылыстану ғажайыптары» жаратылыстану пәні бойынша анаграмма. 6-кезең Қорытынды. Әр кезеңде топ оқушылары шапшаңдық танытып, өз топтарына ұпай жинап отырды. Сайыс нәтижесінде 4 «В» сыныбы шапшаңдығымен басып озып 1-орын, 4 «Ә», 4 «Г» сыныптары 2-орын, 4 «А», 4 «Б» сыныптары 3-орын иеленді. Оқушылар белсене қатысып, жеңімпаз топтар жүлделі дипломдармен марапатталды. Өткізген: Тажигалиева Б.С.