№21 жалпы орта білім беретін мектепте “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” бағдарламасына сәйкес 7 “Ә” сынып жетекшісі Ж.Сағындыққызы “Балаңыздың ой - пікірін ояту” тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуын қамтамасыз ету. Тәрбиенің оқу процесіне тигізетін әсерін ата-аналарға ұғындыру. Жас өспірімдердің психикалық қабілеттері мен дағдыларын дамытудың маңыздылығын ата–аналарға түсіндіру. Сабақтың жоспары бойынша ең бірінші ата-аналарға “Ақ парақ” әдісі арқылы адам кескінін салып, сол арқылы баланың мінез-құлқын түсіндіру мақсатында тренинг өткізілді. Сабақ “28 оқушы-28 тұлға” атты пікір алмасу түрінде жалғасын тауып, ары қарай бала мен ата-ананың мықты байланысы, баланың тәрбиесі, психикалық қабілеттері мен дағдылары жөнінде сынып жетекшісі түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақ соңы “Апайға хат” әдісі арқылы қорытындыланды.