№21 жалпы орта білім беретін мектепте құқықбұзушылық, суицид, деструктивті діни ағымдардың, зорлық-зомбылық, буллинг және қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында “Балалар үшін -қауіпсіз орта” тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен кездесуге Жылыой ауданы ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Жылқышиев Думан Мұратұлы, Жылыой аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Сақышова Айнұр, Жылыой Аудандық Емхана Психологы Жұмабекова Мөлдір, Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет әдіскері Ермекбаева Інжу Көшербайқызы қатысты. Мамандар видеролик көрсетіп, тақырып аясында оқушылармен ашық түрде сұхбаттасып, сұрақтарға жауап берді.