Жобаны келесі мемлекеттік органдар бірлесіп жүзеге асырады:
Мәдениет және ақпарат министрлігі – шығармашылық бағыт бойынша;
Туризм және спорт министрлігі – спорттық секцияларды үйлестіру;
Оқу-ағарту министрлігі – қосымша білім беру бойынша;
Цифрлық даму министрлігі – техникалық сүйемелдеу және цифрлық инфрақұрылымды жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар бюджеттік қаражатты нысаналы және тиімді пайдаланудың тетіктерін енгізу бойынша жүйелі саясатты жалғастыруда. Пилоттық жоба тек балалардың мүдделерін, олардың қауіпсіздігін және көрсетілетін қызметтердің сапалы түрде қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.













