Бүгін, 22 мамыр күні Жылыой ауданында «Отбасы және қоғам» атты облыстық конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, аналардың, әжелердің және қоғам белсенділерінің отбасы тәрбиесіндегі рөлін арттыру, отбасылық-демографиялық саясатты ілгерілету.
Іс-шараға Атырау облысы мен Жылыой ауданынан келген мемлекеттік орган өкілдері, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау және білім саласының мамандары, қоғамдық ұйымдар мен белсенділер қатысты.
Конференция аясында қатысушылар маңызды баяндамалар жасап, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, белсенді азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.