Бүгін Тұрғызба, Шоқпартоғай, Бақашы маңын араладым. Сонымен қатар Бақашы маңынан бастап Жем өзенінің ішкі жағынан тексеріп шықтым. Өзге облыстан көмекке әскери сарбаздар, төтенше жағдай мен полиция қызметкерлері келуде. Сонымен қатар аудан бойынша жедел ден қою құралдар резерві дайындалды. Қазір жұмыс күшейту керек маңдар мен байқалған кемшіліктер бойынша жұмыс жүріп жатыр