Бала өлімі құрылымында бірінші орын алатын туа біткен даму кемістіктерін азайту мақсатында еліміздің 13 өңірінде бүгінде 15 «бір күндік клиника» құрылды, онда 50 мың жүкті әйел зерттеп - қараудан өтті.
Әйелдердің денсаулығын нығайту, перинаталдық нәтижелерді жақсарту, жүктілікті жоспарлаудың өркениетті және ақылға қонымды тәсілі үшін Денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» арнайы бағдарламасын бекітті.
Анадан айырылуға әсер ететін негізгі фактор - әйелдердің экстрагениталдық аурулары және прегравидарлық дайындықтың төмен деңгейі.
Бағдарламаның шеңберінде елде алғаш рет жүктілікті жоспарлайтын фертилдік жастағы әйелдер МӘМС шеңберінде 12 базалық зерттеп - қараудан өтеді, патология анықталған кезде оларға сауықтыру бағдарламалары ұсынылады.
2025 жылы жоспарланбаған жүктіліктің санын азайту мақсатында фертилдік жастағы әйелдерді прегравидарлық дайындықпен қамту көрсеткішін 45% - ға дейін, контрацепциямен қамту 50% - ға дейін арттыру жоспарлануда.
Бүгінгі таңда МСАК ұйымдарында ферилдік жастағы әйелдерді зерттеп - қарау алгоритмдері бекітілді, профилактикалық қарап - тексерулермен, контрацепциямен және прегравидарлық даярлықпен қамту бойынша медициналық персонал үшін индикаторлар айқындалды. Сонымен қатар, болашақ аналарға тіркелген жері бойынша емханаларда отбасын жоспарлаудың 845 кабинетінде бейінді мамандардың консультациясы қолжетімді.