ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан 31-наурызға дейін өткен 2024 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі басталғанын естеріңізге саламыз.

Сіз осы күнге дейін өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорының» https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталына есеп беріп келсеңіз, енді esep.govtec.kz платформасында жүзеге асыратын боласыз.

infonpo.gov.kz сайтына кірген кезде автоматты түрде esep.govtec.kz платформасына өтесіз.

Процесті жеңілдету үшін платформада видео-нұсқаулық қолжетімді: https://esep.govtec.kz/video.mp4.

Атырау облысы бойынша тіркелген ҮЕҰ-дар 2024 жылғы өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті. Мәліметтерді уақытылы ұсынбаған және жалған ақпарат ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 489-1 бабына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделген.

Барлық сұрақтар бойынша Азаматтық орталық мамандарына хабарласуларыңыз сұралады.

Мекен-жайымыз: Құлсары қаласы, Х.Хабдешов 27

Байланыс телефондары:
8 775 6820669