Қазақстандық креаторлардың жетістігі ел имиджіне оң әсерін тигізеді. Бұл саладағы танымал есімдер мемлекеттің жаһандық деңгейде танылуына ықпал етеді. Мысалы, Димаш Құдайберген, Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek), режиссерлер Тимур Бекмамбетов, Айсұлтан Сейітов, Әділхан Ержанов, «Ирина Кайратовна» жобасы, суретшілер Қанат Нұртазин, Ескендір Өтепбаев, Сәуле Сүлейменова сынды есімдерді атауға болады. Олар – әлемдік деңгейде өз өнерімен танымал болған қазақстандық креативті индустрияның жарқын өкілдері.













