2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң қабылданды. 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипатта тиісу және өз - өзіне қол жұмсауға үгіттеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. Сонымен қатар балаларды автобустардан түсіруге тыйым салынды. Буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік көзделді. Тұрмыстық зорлық - зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіліп, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып - соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылды. Отбасылық - тұрмыстық қатынастар саласында 710 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Ішкі істер министрлігінде әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған арнайы бөлімшелер жұмысын бастады.
Сондай - ақ әрбір білім беру мекемесіне ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен криминалдық полицияның жедел уәкілдері бекітілді. Олар балалар мен олардың ата - аналарына құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.












