Құрметті аудан тұрғындары!
Өрт қауіпі жоғары кезеңде баршамыз сақ болайық:
Ашық алаңда от жағуға болмайды;
Темекі тұқылын, сіріңкені тастамаңыздар;
Қоқысты өртемеңіздер, құрғақ шөпке от қоймаңыздар;
Орман мен далада қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар;
Табиғатқа шыққанда қоқыстарды өзіңізбен алып кетіңіз, оларды өртемеңіз;
Өртті байқасаңыз - 101 немесе 112 нөміріне бірден хабарлаңыз!
Табиғатты бірге қорғайық! Әр қадамымыз қауіпсіз болсын!












