Төтенше жағдайлар қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды.
Бүгін төтенше жағдайдар қызметкерлерін салтанатты түрде шығарып салып, Жылыой ауданы атынан және өз атымнан алғысымды білдірдім.
Олар Жем өзенінің бойында жап нығайту және қапшыққа құм салу секілді жұмыстарға жұмылдырылып, тасқын сумен күресуге атсалысты.
Қиын қыстау кезеңде жанымыздан табылып, міндетін мүлтіксіз орындаған төтенше жағдай қызметкерлеріне алдағы уақытта еңбектерін әрдайым жоғары бағалануына және кәсіби шеберліктерінің арта беруіне тілектестік білдіремін.












