Дүниежүзілік ірі концерн - KIA Corporation компаниясының келуімен Қазақстандағы машина жасау саласындағы кадрларды даярлау жүйесінде түбегейлі өзгеріс күтілуде. Бұл елімізде жаңа буын инженерлерін даярлауға мүмкіндік береді. Баршаға мәлім, адами капитал - бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы басты факторлардың бірі.
Осылайша, өңірде Индустриялық аймақтардың болуы инвесторларға қолайлы жағдайлар ұсынып, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, көлікке қолжетімділік және басқа да артықшылықтар береді. Ал бұл өз кезегінде өңірді нақты сектордың негізгі салаларына инвестиция тарту үшін тартымды етеді. Нәтижесінде, бюджетке түсетін түсімдер, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және экономиканың тұрақты өсімі қамтамасыз етіледі.












