Параволейболдан ҚР ұлттық құрамасының негізін атыраулық спортшылар құрайды
16 - 20 сәуір аралығында ересектер арасындағы Қазақстан кубогының бірінші туры Атырауда, ал екінші туры Астанада қазан айында өтеді. Спорттық доданың қатысушылары БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келеді деп жоспарлануда. Бұл туралы параволейболдан ҚР Ұлттық және облыс құрамасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл төрт жылда бір өтетін Қазақстан спартакиадасы, сондай - ақ маусымда Қытайдың Ханджоу қаласында Азия чемпионаты және қазанда АҚШ - та әлем кубогы өтеді. Осыған байланысты спортшылар қызу дайындық үстінде.
Ұлттық құрама 2024 жылы Париждегі Паралимпиада ойындарында үздік сегіз команда ішінен бесінші орынды қанжығылады. Сонымен қатар 2022 жылы өткен Азиядағы параойындардың күміс жүлде иегерлері. Одан бөлек облыстық команда былтыр 13 дүркін Қазақстан чемпионы атанды.