№21 жалпы орта білім беретін мектепте 25 ақпан күні 1-11 сынып бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Құлсары қаласы әкімі аппараты бас маманы Қаржаубаев Еркебұлан, учаскелік полиция инспекторы Жетенов Нұржан, теолог маман Мұратұлы Думан, Жылыой ЮПТ аға УПИ полиция аға лейтенанты Сақышова Айнұр Құралбекқызы қатысып, ата-аналармен бала қауіпсіздіктері туралы айтылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.












