Қазақстандықтарды Көрісу күні – Амал мерекесімен құттықтаймыз! Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі бастау алды. 
«Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке. 
14 наурызда қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және бізге дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады. 
Бұл күнде баршаңызды сағынышпен көрісіп,  мейірімдеріңізбен бөлісуге шақырамыз!