«Қазақстанға жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет»
Қасым-Жомарт Тоқаев,
Қазақстан Республикасының Президенті
Мемлекет басшысының өңір экономикасына инвестициялар тарту жұмысын тиімді жүргізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Қостанайда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақ өңір дамуының негізгі драйверіне айналды. Бұл учаске барлық қажетті дайын инфрақұрылыммен, соның ішінде магистральдық газ құбыры, су құбыры, кәріз, байланыс және электр жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта Қостанай қаласының Индустриялық аймағында жалпы құны 97,4 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылды, 1 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 348,5 млрд теңге сомасына 3,9 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін тағы 9 жоба әртүрлі іске асыру кезеңдерінде тұр.













