Президент тапсырмасы бойынша, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» басқармасы құрылды. Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарды тергеу үшін арнайы әйел тергеушілер тағайындалды (республика бойынша тергеу-жедел топтарына 280 әйел тергеуші енгізілді).
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар 16 мың әйелдің құқығын қорғады.
Аталмыш заңдағы жаңашылдықтардың бірі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі үйлестіретін бірыңғай Отбасын қолдау орталықтары желісін құру. Осыған байланысты 2024 жылдың маусым айынан бастап мұндай орталықтардың саны 33-тен 104-ке дейін артты.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі (МАМ), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ), Ішкі істер министрлігі (ІІМ) және Денсаулық сақтау министрлігі (ДС) мамандарынан құралған мобильді жұмыс топта.













