2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай - ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер: 2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда; ЖИ - «Әйтеке» көмекшісі - қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат - бот. Робот - сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК - ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді. Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай - ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.