«Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс», - ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік - түсіндіру іс - шаралары өткізілді. Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай - ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған. «Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам.», - ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев. http://xn--up-mlc.kz/ сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай - ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.












