Қыста ғимараттардың төбесінде көп мөлшерде қар жиналып, ауа райының жылынуына байланысты көпқабатты тұрғын үйлермен биік ғимараттардың шатырларында мұздықтар пайда болуда.
Қауіпті аймақта болған кезде Сіз қар-мұз массасының құлауынан ауыр жарақат алып, өміріңізге қауіп төнуі мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмас үшін Жылыой ауданының ТЖ бөлімі ескертеді:
- тек тротуардың сыртында жүріңіз;
- мұздар пайда болған карниздер мен балкондардың астында тұрмаңыз;
- ғимараттың мұзды карнизінің астынан өту қажет болса, мүмкіндігінше тез өтіп кетуге тырысыңыз;
- жоғарыдан шу немесе ескерту айқайын естігенде, ғимараттың маңайынан қашыңыз немесе қабырғаға жақындап тұрыңыз, басыңызды сөмкемен немесе қолыңызбен қорғаңыз;
- көшеде құлаққаппен жүрмеңіз, сіз шатырдан жауған қардың шуын естімей қалуыңыз мүмкін;
- мұздақтардан тазалау аймақтарынан айналып өтіңіз;
- карниздер мен шатырлардағы мұздақтарды көргеннен кейін, олар жоқ жаққа өтіңіз.
Егер төбеден мұз немесе қардың құлауына байланысты адам зардап шексе, бірден жедел жәрдем шақырыңыз - “103”.
Құтқару қызметінің біріңғай телефоны - “112”.
Қауіпті мұздақтар бойынша ақпаратты хабарлау телефоны - “109”
Құрметті тұрғындар ғимараттың жанында болған кезде абай болыңыз!












