2027 жылға дейін жалпы құны 1,1 трлн теңгеден асатын 181 инвестициялық жоба іске асырылады. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар санын 800 мың адамға дейін арттырып, агротуризмді дамыту есебінен ауылдық жерлерде 10 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Ішкі туристер санын 11 миллион адамға жеткізіп, елдегі орналастыру орындарының төсек-орын қорын 280 мыңға дейін ұлғайту, сондай-ақ барлық қонақ үйді eQonaq ақпараттық жүйесіне енгізу көзделген. Сонымен қатар Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту жаһандық индексінде әлемнің үздік 50 елі қатарына кіруді мақсат етіп отыр.
Бұл бастамалар елдің халықаралық туристік аренадағы орнын нығайтып, саяхатшылар, бизнес және жергілікті қауымдастықтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.












