Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Мәжіліс пен Сенаттың мақұлдауынан өткен «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңа заң жобасы әзірленді.
Қазіргі уақытта құжат Президентке қол қоюға жіберілді. Заң жобасы келесі жүйелі өзгерістер енгізуді көздейді: кәсіби ойын спорт клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатына лимит бекіту; ҚР азаматтығын алмаған спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу; «спорттың басым түрлері» ұғымын нақтылау, сондай-ақ олардың өңірлік тізбесін бекіту; аккредиттелген спорт федерациясына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін шаралар қабылдауды міндеттеу; спорт федерацияларын аккредиттеу талаптарын белгілеу; «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымын енгізу; мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшыларын ротациялау. спорт саласына вертикальды басқару жүйесін енгізу мәселесі. Сонымен қатар, вертикальды басқару жүйесіне көшу жүзеге асырылады. Министрліктің құрылымына 33 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 19 олимпиадалық резервті дайындау орталығы, 14 интернат-колледж беріледі. Министрлік тарапынан 8 республикалық федерацияның президенті мен 11 өңірдің спорт басқармаларында жаңа басшылар келісілді. Әкімдіктердің тиімділігін бағалау үшін KPI жүйесі әзірленуде.