Жыл сайын миллионға жуық адамды қамтитын 25 мыңнан астам спорттық іс-шара ұйымдастырылады.
Ұлттық мәдени құндылығымыздың бірі ретінде ұлттық спорт түрлеріне ерекше назар аударылады. 2024 жылдың есебі бойынша 670 мыңға жуық адам жүйелі түрде айналысады. Еліміз бойынша 16 555 үйірме, 15 балалар-жасөспірімдер мектебі, 17 клуб пен мамандандырылған орталық жұмыс істеуде. Ең танымал түрлері – қазақ күресі, көкпар және тоғызқұмалақ. Қазақстан Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 112 медаль (43 алтын, 32 күміс, 37 қола) еншілеп, айқын көшбасшысы екенін көрсетті