Жаңартылатын энергия көздерін дамыту басымдық болып қала береді: 2024 жылы 153 нысан 7,58 млрд кВт·сағ (жалпы өндірістің 6,43%-ы) өндірді. 8 жаңа станция (163,35 МВт) іске қосылды, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 9 ЖЭК жобасы іске қосылады (455,5 МВт). 2025 жылдың ақпан айында Қарағанды облысында қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясы іске қосылды.
2025 жылы ЖЭК жобалары бойынша аукциондарға 1 810 МВт қуат ұсынылды, оның ішінде: жел электр станциясы – 1 200 МВт, күн электр станциясы – 90 МВт, гидроэлектр станциясы – 500 МВт, биоэлектр станциясы – 20 МВт.
Осылайша, Қазақстанның энергетика саласы сенімді жылумен жабдықтауды, ауқымды жаңғыртуды және «жасыл» энергетиканың өсуін үйлестіре отырып, тұрақты дамуға қол жеткізуде














