Біз өзіміздің ықшамауданда Ораза айт мейрамын кең көлемде тойладық. Ұлымыздың әрекеті бүкіл елдің ықыласына бөленеді деп ойламадық. Оның тілі кеш шықты, сосын балабақшаға бердік. Сол жақтан үйренгені де бар шығар. Өз отбасымызда да тазалыққа мән береміз, сенбіліктерден қалмаймыз. Мен өз ұлымның елдің патриоты боп ер жеткенін қалаймын, - дейді Е. Хайрошев. Кейін облыс әкімі Дінмұхаммедке ескерткіш сыйлықтар тапсырып, ата-анасына алғыс айтты. Еске салайық, Атырауда “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы белсенді жүріп жатыр. Бұдан бөлек, елді мекендерді көгалдандырудың аймақтық жоспары бойынша 63 гектар аумақта 145700 ағаш отырғызылмақ