Оқушыларға тек диеталық пайдалы тағамдар ұсынылады. Бұл балалардың дұрыс тамақтануы мен қауіпсіздігі үшін сеп болмақ.

- Бүгінгі ас мәзірі бойынша ыстық тағамға көкөніс бұқтырмасы, сусынға с дәрумені қосылған кисель және бидай ұнынан жасалған нан ұсынылады . Бұл тағамдар әр балаға жас ерекшеліктеріне сай өлшеніп беріледі. Мысалы 1-4 сынып оқушыларына 200 грамм, 5-11 сыныпты 250 грамм ыстық тағаммен қамтамасыз етеміз,- деді асхана менеджері Райхан Абдрахманова.

- Тегін тамақтану жобасы мектеп ата-аналарына ұнайды. Себебі күнде жаңа ас мәзірін арнайы кестеден көріп, балаларымыздың қалай тамақтанып жатқанын біле аламыз. Сонымен қатар оқушылардың тамақтану мәдениеті де жақсы қалыптасуда,- деді ата-ана Алтынай Наурызбаева.

Айта кетейік, тамақтандыру мәселесі және тамақ сапасын қадағалау үшін білім беру ұйымдарында 224 бракераждық комиссия жұмыс істейді. Биыл жеті аудандық, бір қалалық, бір облыстық ведомствоаралық сараптамалық топтар құрылды.