Соңғы жылдары цифрлық технологиялардың жылдам дамуына байланысты интернет-кеңістігінде заңсыз контенттің таралуын тоқтату маңызды міндеттердің біріне айналды. Жыл басынан бері есірткілерді жарнамалайтын 7 мыңнан астам сайт, экстремистік мазмұнды 2 мыңнан астам контент және интернет-алаяқтық белгілері бар 28 мыңнан астам ресурс анықталды.
Барлық аталған шаралар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және құқық тәртібін сақтауға бағытталған.
Айта кету керек, 2025 жыл Ішкі істер министрлігі тарапынан “Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: полиция “Заң мен Тәртіп” күзетінде” деп жарияланды. Негізгі мақсат – қылмыстардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.