Еліміздің барлық өңірінде жаңа білім беру нысандарын салу арқылы қосымша жұмыс орындары құрылуда, бұл әлеуметтік, экономикалық жағдайды жақсартуға және жалпы құрылыс саласын дамытуға ықпал етеді. 2024 жылдан бастап жаңа салынған мектептерде 5000-ға жуық педагог жұмыспен қамтылды.
Ұлттық жобаның тағы бір маңызды бағыттарының бірі - қазақстандық тауарлар мен қызметтерді өндірушілерді қолдау болып табылады.
Жаңа мектептерге барлық жиһаздарды отандық кәсіпорындар жеткізеді. Бұл ұлттық экономиканы нығайтуға және қазақстандық өндірушілердің жаңа жұмыс орындарын құруына, елдегі экономикалық тұрақтылыққа, жергілікті өнеркәсіпті дамытуға ықпал етеді.
Заманауи форматтағы мектептер барлық қазақстандық балалардың қолжетімді әрі жайлы, қауіпсіз ортада сапалы білім алуына жол ашады.