Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 14 наурыз - Көрісу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көрісу — адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес. Жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін ізгі амал. Ұлыстың ұлы күнінің бастауы, құшағы кең қазақ халқының ақ пейілдігі мен даладай дархан болмысын дәл көрсететін ұлттық мереке жаңғырып-жаңарып, бүгінгі күнге жеткені қазақтың іргесі бекем ел екендігін дәлелдейді. Ендеше бүгінгі келіп жеткен жыл баршаңызға құтты болып, бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мереке әр шаңыраққа жақсылық, ырыс, несібесін молынан ала келсін деп тілеймін! Дастарханымыз аққа толып, үлкендердің ізеті мен кішілердің құрметі арта берсін! Ізгі ниетпен, Жылыой ауданының әкімі​​​​​ Ж.Қаражанов