Сонымен қатар, Қазақстан 1995 жылы Бейжің декларациясына қосылғаннан бері тұрақты гендерлік саясатты қалыптастыру бағытын нық ұстанып келеді. Ұлттық және халықаралық қағидалар бірдей назарға алынған. Осы мақсатта Қазақстанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді.
Атап айтқанда, Ұлттық комиссия сарапшылары заң шығару процесіне белсенді түрде атсалысады. Олардың қатысуымен отбасылық-тұрмыстық құқықтар мен бостандықтарды және балаларды қорғауды қамтамасыз ететін 50-ден астам заңнамалық акт әзірленді.
Сондай-ақ, Ұлттық комиссияның сараптамалық топтары өңірлерді аралайды. 2024 жылы 2 мың әйел, оның ішінде 134 көпбалалы отбасы қамтылды. Жергілікті жерде мәселелерге кешенді талдау жасалып, өңірлік ерекшеліктер назарға алынып, шешімдер шығарылды.
«TechnoWomen» ұйымы мен халықаралық «Astana Hub» технопаркі серіктесіп, екінші жыл қатарынан жұмыссыз әйелдер мен декреттегі аналардың цифрлық біліктілігін арттыруға арналған «IT-Aiel» жобасын іске асырды. Оқыту бағдарламасынан өткен алғашқы түлектердің табысы 45%-ға өсті. Биыл цифрлық ғылымдар, киберқауіпсіздік және электрондық коммерция бойынша 18 мың қыз бен әйел білім алды.
Сондай-ақ, Ұлттық комиссияның тұрақты назарында репродуктивті денсаулықты қорғау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және ауылдақ жерлердегі әйелдерді қолдау мәселелері бар.














